14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы №209

213 рет
көрсетілді
31 мин
оқу үшін
2015 жылғы 28 қараша,  Алматы қаласы Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін. 2. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін. 5. Осы қаулы Тізбенің 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он бесінші, он алтыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын және 2-тармағының үшінші – елуінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Министр ____________ А.МҰХАМЕДИҰЛЫ 2015 жылғы «21» желтоқсан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 209 қаулысына қосымша Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8767 тіркелген, 2013 жылғы 12 қарашада «Заң газеті» газетінде № 169 (2370) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуға жататын құжаттардың тізбесі және оларды сақтау мерзімдері осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың және оларды сақтау мерзімдерінің тізбесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуға жататын құжаттардың тізбесі және оларды сақтау мерзімдері»; реттік нөмірі 47-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 47. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт деректе-рінің өзгеруіне әсер ететін құжаттар 5 жыл1 5 жыл1 1Тексерулердің аяқталу талабымен шарттың қолданылу мерзімі өткен соң. »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-1-жолмен толықтырылсын: « 47-1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініш 5 жыл1 5 жыл1 1Тексерулердің аяқталу талабымен шарттың қолданылу мерзімі өткен соң. »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 48-1-жолмен толықтырылсын: « 48-1. БЖЗҚ-да шартты зейнетақы шоттарын есепке алу бойынша деректер базасы 80 жыл - «Ж»2 80 жыл - «Ж»2 2Электрондық тасымалдағышта »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 49-1-жолмен толықтырылсын: « 49-1. БЖЗҚ-да шартты зейнетақы шоттарын тіркеу кітабы Тұрақты1 Тұрақты1 1Электрондық тасымалдағышта »; реттік нөмірі 58-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 58. Зейнетақы жинақтарын аудару бойынша құжаттар (өтініштер, салымшының (алушының), сенім білдірілген тұлғаның, салымшының (алушының) заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, зейнетақы аннуитеті шарттарының түпнұсқалары, сенімхаттар, хабарламалар (бар болса) және өзге де құжаттар) 5 жыл1 5 жыл1 1Қағаз тасымалдағышта – аударым жүзеге асырылғаннан кейін 5 жыл, электрондық тасымалдағышта – қажеттілігі өткенге дейін, кем дегенде 5 жыл »; реттік нөмірі 59-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 59. Зейнетақы төлемдерiн алуға БЖЗҚ-қа, ЕЖЗҚ-қа ұсынылған құжаттар (өтініштер, зейнетақы төлемдерiн алушының, сенім білдірілген тұлғаның, заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттардың, қайтыс болу туралы, мұраға құқық туралы куәліктің көшірмелері, хабарламалар (бар болса) және өзге де құжаттар) соңғы төлем жүзеге асырылған және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бұзылған сәттен бастап 10 жыл1 соңғы төлем жүзеге асырылған және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бұзылған сәттен бастап 10 жыл 1 1Қағаз тасымалда-ғышта – соңғы төлем және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу күнінен бастап 10 жыл, электрондық тасымалдағышта – қажеттілігі өткенге дейін, кем дегенде 10 жыл »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 60-1-жолмен толықтырылсын: « 60-1. БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты алуға арналған өтініштер 1 жыл 1 жыл »; реттік нөмірі 61-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 61. Тізілімдер (зейнетақы төлемдерiне, БЖЗҚ-дан, ЕЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын аударуға арналған өтініштер/хабарламалар) 2 жыл 2 жыл »; реттік нөмірі 64-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 64. Зейнетақы төлемдерiнің салымшыларымен (алушылармен) жазысқан хаттар 5 жыл 5 жыл »; ескерту мынадай редакцияда жазылсын: «Ескерту: 80 жыл - «Ж» - осындай сақтау мерзімі белгіленген электрондық тасымалдағыштағы ақпаратты сақтау үшін. Бұл ретте ақпаратты сақтау мерзімін есептеуді ақпаратты сақтау мерзімінің аяқталу кезіне қарай адамның жас мөлшерін («Ж» әрпімен белгіленген) есепке ала отырып жүргізу қажет. Электрондық тасымалдағыштағы ақпаратты сақтаудың ұзақтығы «Ж» - 80 жыл айырмаға тең болады, мұндағы «Ж» ақпаратты сақтау мерзімінің аяқталу кезіне қарай адамның жас мөлшерін білдіреді.». 2. «Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 218 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8801 тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 187 (2388) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтан­дырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарда: 4-тармақтың бірінші абзацы мен 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйелері мынадай функционалдық модульдерді қамтиды: 1) «Зейнетақы жинақтарын және шартты зейнетақы міндеттемелерін дербес есепке алу» модулі;»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйелері мынадай функционалдық модульдерді қамтиды: 1) «Зейнетақы жинақтарын дербес есепке алу» модулі; 2) «Есептілік» модулі; 3) «Сыртқы пайдаланушылармен өзара әрекеттесу» модулі; 4) «Ішкі аудит» модулі.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Зейнетақы жинақтарын және шартты зейнетақы міндеттемелерін дербес есепке алу» модулі мыналардың: 1) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шарттарының; 2) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарына түсетін зейнетақы жарналарының, жинақтардың, өсімпұлдардың; 3) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарындағы инвестициялық табыстың; 4) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерінің; 5) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары аударымының; 6) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары аударымының зейнетақы жинақтары аударымының дербес есебін жүргізуге арналған.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «Зейнетақы жинақтарын дербес есепке алу» модулі мыналардың: 1) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шарттарының; 2) ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарына түсетін зейнетақы жарналарының, жинақтардың, өсімпұлдардың; 3) ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарындағы инвестициялық табыстың; 4) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерінің; 5) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары аударымының дербес есебін жүргізуге арналған.»; 6-тармақта: бірінші абзац пен 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Зейнетақы жинақтарын және шартты зейнетақы міндеттемелерін дербес есепке алу» модулі мыналарды: 1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарымен; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарымен; операциялардың талдау және синтетикалық бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен мыналар: міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасаған және бұзған салымшылар жөніндегі ақпаратпен алмасу; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының есебі бойынша аттарына шартты зейнетақы шоттары ашылған жеке тұлғалар жөніндегі ақпаратпен алмасу; Орталық пен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалған шарттың негізінде жеке зейнетақы шоттарындағы, шартты зейнетақы шоттарындағы қозғалыс; төлем құжаттарымен алмасу; Орталықтан келіп түскен ақпараттың негізінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның деректемелеріне өзгерістер енгізу бойынша өзара іс-қимыл етуді қамтамасыз етеді.»; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «Зейнетақы жинақтарын дербес есепке алу» модулі мыналарды: 1) ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарымен операциялардың талдау және синтетикалық бухгалтерлік есебін жүргізуді; 2) төлем құжаттарын қалыптастыру; 3) төлем құжаттарын дұрыс қалыптастыруды тексеруін жүзеге асыруды; 4) салымшыларды (алушыларды) бірегей деректемелері бойынша (шарттың нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, бар болса – әкесінің аты және басқа өлшемдер бойынша) сәйкестендіруді қамтамасыз етеді.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асырған кезде мынадай: 1) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының есебінен әрбір зейнетақы төлемдерін алушы бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерінің сомасын есептеу; 2) Заңға сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерінің тиесілі сомасынан табыс салығын ұстау; 3) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының есебінен берілген күнге және (немесе) берілген уақыт аралығына зейнетақы төлемдерін болжау функцияларының орындалуы қамтамасыз етіледі.»; 13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламалық қамтамасыз етуді және (немесе) автоматтандырылған ақпарат жүйесіндегі ақпаратты рұқсатсыз өзгертуге жол бермеу мақсатында жұмыс істейтін модульдерге өзгерістер енгізу, жаңа модульдерді әзірлеу, жүйені енгізу және пайдалануға беру бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі шешімімен бекітілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының даму корпоративтік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.». 3. «Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9325 тіркелген, 2015 жылғы 25 сәуірде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарын ауыстыру мақсатында Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы өтініші; 2) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы; 3) зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы; 4) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын ауыстыру кезінде, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда кемінде бес жыл еңбек өтілі болуын растайтын құжаттар.»; 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Сенім білдірілген тұлға Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сенім білдірілген адамның зейнетақы аннуитеті шарты бойынша салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы өтініші; 2) егер сенімхатта сенім білдіруші тұлғаның бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру бойынша өкілеттік болған жағдайда, нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі; 3) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 4) салымшының (алушының) сақтандыру ұйымымен жасаған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы; 5) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы; 6) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын ауыстыру кезінде, салымшының (алушының) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда кемінде бес жыл еңбек өтілі болуын растайтын құжаттар. 5. Жіберуші қор зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште толтырылуға тиіс мәліметтердің дұрыс көрсетілуін тексереді және салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып анықтама береді. Егер салымшы (алушы) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адам болған жағдайда, Жіберуші қор уәкілетті ұйым мен Жіберуші қор арасында жасалған шарт шеңберінде өтініш берген салымшының (алушының) белгіленген мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі туралы мәліметтерді сұратады. 6. Жіберуші қор құжаттарды қабылдау кезінде: 1) Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған; 2) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған не салымшының (алушының) атына ашылған жеке зейнетақы шоты болмаған; 3) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берген күні салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің аяқталуы; 4) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті беру күні сенімхаттың қолданылу мерзімінің аяқталуы не сенімхаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының оны ресімдеуге қойылатын талаптарына сәйкес болмаған; 5) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (болған кезде) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні зейнетақы аннуитетi шартында көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасынан аз болған; 6) салымшының (алушының) мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің белгіленуі туралы мәліметтердің расталуы болмаған жағдайларда зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті қабылдау мен орындаудың мүмкін болмау себептерін көрсете отырып, салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген адамға ұсынады. 7. Жіберуші қор салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті орындаудың мүмкін еместігі себептерін көрсете отырып мынадай: 1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), Жіберуші қордың дерекқорында көрсетілген аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН сәйкес келмеген; 2) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген; 3) салымшының (алушының) Заңның 11-бабының 1-тармағында, 31-бабының 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабының 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың санатына сәйкес келмеген; 4) салымшының (алушының) мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің белгіленуі туралы мәліметтердің расталуы болмаған; 5) егер салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (болған кезде) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні зейнетақы аннуитетi шартында көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасынан аз болған; 6) Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда оған дәлелденген жауапты жазбаша нысанда жібереді.»; 8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Жөнелтуші қор Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Ауыстыру күні міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасы жеткіліксіз болған кезде, Жөнелтуші қор Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы өтінішінде немесе Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сенім білдірілген адамның зейнетақы аннуитеті шарты бойынша салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы өтінішінде көрсетілген ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға салымшының (алушының) келісімі болған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қосымша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын ауыстырады. Егер Заңның 11-бабының 1-тармағында және 31-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, 32-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы аннуитеті шарты жасалғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем соманы құрайтын болса, зейнетақы аннуитеті шартына қалдықтың көрсетілген сомасын есепке ала отырып сақтандыру сыйлықақы мөлшерінің және сақтандыру төлемінің ұлғаюы бөлігінде өзгерістер енгізіледі.»; 1 және 2-қосымшалар тиісінше осы Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларына 1-қосымша Нысан Кімге:_____________________________________________________________________________ (Жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы) Сенім білдірілген тұлғаның салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы өтініші Мен, салымшы (алушы): Тегі_________________________________________________________________ Аты_________________________________________________________________ Әкесінің аты (бар болса) _______________________________________________ Туған жылы:__________________________________________________________ (күні, айы, жылы цифрлармен) Жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________ Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз) Жеке куәлігі Төлқұжат Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі Ықтияр хат Нөмірі_____________________ ____________________________ берілген күні (күні, айы, жылы цифрлармен) ____________________________________________________________________ (кім берді) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары (тиістісін сызыңыз) есебінен салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын: __________________________________________________________________ (ауыстырылатын зейнетақы жинақтарының сомасы жазумен) __________________________________________________________________ (сақтандыру ұйымының толық немесе қысқартылған атауы) ауыстыруды сұраймын _____________________________________________________________________________________ Зейнетақы аннуитеті шартын (бар болса) жасау үшін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасын аудару күні жеткіліксіз болған кезде ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған менің зейнетақы жинақтарымды аударуға келісім беремін. _____________________________________________________________________________________ (иә/жоқ көрсетіледі) Мен осы өтінішке қол қойған күні: 1) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымдарына ауыстырудың қолданыстағы Қағидаларымен таныстым; 2) зейнетақы активтері толық көлемде ауыстырылған жағдайда ауыстырылған күні Жіберуші қормен жасалған _________ жылғы № _____ салымшының (алушының) зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартының қолданылуы, зейнетақы жинақтары міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен сақтандыру ұйымына ауыстырылған күннен бастап 12 (он екі) ай өткеннен кейін жеке зейнетақы шотында ақша болмаған жағдайда тоқтатылады, осыған байланысты менің жеке зейнетақы шотым жабылатындығы туралы хабардармын; 3) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру үшін қажетті менің дербес деректерімді және салымшының (алушының) дербес деректерін жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін. Салымшының (алушының): ___________________________________________________ Өтініш жазылған күні: ________________________________________________________ (күні, айы, жылы цифрлармен) Өтінішті Жіберуші қор қабылдаған күн __________________________________ (күні, айы, жылы цифрлармен) Өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы: ____________________________________________________________________ Жіберуші қорда тіркелді: _________________________________ (кіріс нөмірі) ___________________________ (күні, айы, жылы цифрлармен) Ескерту: 1. Өтініш баспа әріптерімен түсінікті етіп толтырылады. 2. Барлық жол міндетті түрде толтырылады. --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- АНЫҚТАМА ____________________________________________________ салымшы (алушы) (Жіберуші Қордың атауы) ________________________________________________ зейнетақы жинақтарын (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы) ____________________________________________ сақтандыру ұйымына (сақтандыру ұйымының атауы) ауыстыруға арналған өтініш қабылдағанын растайды Өтінішті қабылдаған _________________________________________________ (өтініш қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________________________________ (бар болса) және лауазымы) Жіберуші Қорда тіркелді _____________________ (кіріс нөмірі) _________________________ (күні, айы, жылы цифрмен) Өтінішке мына құжаттар қоса берілді: (қабылданған құжаттардың тізбесі) Байланыс телефоны: ______________________________ E-mail: ______________________________________ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларына 2-қосымша Нысан Кімге: _________________________________________________________________________ (Жіберуші қордың толық немесе қысқартылған атауы) Сенім білдірілген тұлғаның салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы өтініші Жеке тұлға толтырады: Мен, сенім білдірілген: Тегі_________________________________________________________________ Аты_________________________________________________________________ Әкесінің аты (бар болса)_______________________________________________ Туған жылы__________________________________________________________ (күні, айы, жылы цифрлармен) Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз) Жеке куәлігі Төлқұжат Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі Ықтияр хат Нөмірі_____________________ ____________________________ берілген күні (күні, айы, жылы цифрлармен) __________________________________________________________________ (кім берді, берілген күні) Заңды тұлға толтырады: Мен, сенім білдірілген:________________________________________________ Атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________________________________ Сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын тіркелім № _______________________ ______________________________ (күні, айы, жылы цифрлармен) салымшының (алушының) мүддесі үшін: Тегі_________________________________________________________________ Аты_________________________________________________________________ Әкесінің аты (бар болса)_______________________________________________ Туған күні:___________________________________________________________ (күні, айы, жылы цифрлармен) Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________________________ Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз) Жеке куәлігі Төлқұжат Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі Ықтияр хат Нөмірі_____________________ ____________________________ берілген күні (күні, айы, жылы цифрлармен) __________________________________________________________________ (кім берді, берілген күні) Зейнетақы аннуитеті шартын (бар болса) жасау үшін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасын аудару күні жеткіліксіз болған кезде ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарымды аударуға келісім беремін. ____________________________________________________________________ (иә/жоқ көрсетіледі) Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары (тиістісін сызыңыз) есебінен салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын: ____________________________________________________________________ (ауыстырылатын зейнетақы жинақтарының сомасы жазумен) сомасында___________________________________________________________ (сақтандыру ұйымының толық немесе қысқартылған атауы) ________________________________________ауыстыруды сұраймын. Мен, салымшының (алушының) сенім білдірілген тұлғасы осы өтінішке қол қойған күні: 1) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымдарына ауыстырудың қолданыстағы Қағидаларымен таныстым; 2) зейнетақы активтері толық көлемде ауыстырылған жағдайда ауыстырылған күні Жіберуші қормен жасалған _________ жылғы № _______ салымшының (алушының) зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартының қолданылуы, зейнетақы жинақтары міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен сақтандыру ұйымына ауыстырылған күннен бастап 12 (он екі) ай өткеннен кейін жеке зейнетақы шотында ақша болмаған жағдайда тоқтатылады, осыған байланысты менің жеке зейнетақы шотым жабылатындығы туралы хабардармын. 3) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру үшін қажетті менің дербес деректерімді және салымшының (алушының) дербес деректерін жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін. Сенім білдірілген тұлғаның қолы: ______________________________________ Өтініш жазылған күні: ________________________________________________ (күні, айы, жылы цифрлармен) Өтінішті Жіберуші қор қабылдаған күн___________________________________ (күні, айы, жылы цифрлармен) Өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы: __________________________________________________________________________ Жіберуші қорда тіркелді:__________________ (кіріс нөмірі) _______________________________ (күні, айы, жылы цифрлармен) Ескерту__________________________________________________________ 1. Өтініш баспа әріптерімен түсінікті етіп толтырылады. 2. Барлық жол міндетті түрде толтырылады. ---------------------------------------------------------------------------------------------------- АНЫҚТАМА ____________________________________________________ салымшы (алушы) ____________________________________________________________________ (Жіберуші Қордың атауы) (аты-жөні, туған жылы) мүддесі үшін сенім білдірілген тұлғасы __________________________________ (аты-жөні, туған жылы) зейнетақы жинақтарын ______________________________сақтандыру ұйымына (сақтандыру ұйымының атауы) ауыстыруға арналған өтініш қабылдағанын растайды Өтінішті қабылдаған __________________________________________________________________ (өтініш қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен лауазымы) Жіберуші Қорда тіркелді ____________________________________________ (күні, айы, жылы цифрмен) Кіріс нөмірі ______________________ Өтінішке мына құжаттар қоса берілді: (қабылданған құжаттардың тізбесі) Байланыс телефоны: ___________________ E-mail: ____________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12529 болып енгізілді.